Теннис

Қазақстандық төрешілер Әбу-Дабиде қазылық етті

Қазақстандық төрешілер алғаш рет Әбу-Дабиде WTA 500 турнирінде қазылық етті.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Диера Әлжанова, Дамир Дүйсенбаев, Әлихан Еркінов және Эльвира Исламғалиева қапталдағы төреші ретінде іріктеу сайыстары ғана емес, сонымен қатар финалға да қатысты.

Осындай барлығы 44 төреші болса, соның 18-і финалға іріктеп алынды.

Bronze badge (қола белгі ақтан бір сатыға жоғары) иегері Меруерт Кәукеева іріктеу, ширек және жартылай финал матчтарында мінбеде қазылық етті.

Өткен жылы қарашада Юлия Игнатченко қазақстандықтар арасынан алғаш рет мінбедегі төреші ретінде күміс белгі иегері атанған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button