Шетел жаңалықтары
Месси ПСЖ-дан кетуі мүмкін
Аргентиналық ПСЖ-мен 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартуға асығар емес.
«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Лионель Месси Париж клубының құрамында қалмауы мүмкін. Бұл туралы L ‘ Equipe басылымы хабарлайды.
Футболшы басқа клубқа ауысу мүмкіндігі туралы ойланып жүрген тәрізді. Мамандар Месси мансабын американдық MLS-тің Дэвид Бекхэм басқаратын «Интер Майами» клубында жалғастыруы мүмкін дейді.
35 жастағы Месси 2021 жылдан бері ПСЖ-да өнер көрсетіп келеді. Қазіргі Франция чемпионатында ол париждіктер үшін 18 матч өткізіп, 10 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.
ПСЖ 23 ойында 54 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. 19 ақпанда өтетін келесі матчта өз алаңында «Лилльді» қабылдайды.