Теннис
Елена Рыбакина Дубайдағы жарыстың жұптық бәсекесін сәтті бастады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Дубай WTA 1000 турнирін сәтті бастады.
Отандасымыз ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге алғашқы айналымда осы жарыстың 8-ракеткалары болып тіркелген бельгиялық Кирстен Флипкенс — германиялық Лаура Зигемундпен кездесті.
Қазақстандық-ресейлік жұп 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Елена Рыбакина жекелей сында бастапқы кездесуін канадалық Бьянка Андреескумен өткізеді.