Теннис
Ракетка сындырып жүрген Бублик он жеңілістен кейін есін жиды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің екінші айналымына өтті.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 67-ракеткасы, сербиялық Филип Краиновичпен кездесті.
Осыған дейін А.Бублик өткен жылдың қазан айынан бері түрлі жарыста он рет қатарынан жеңіліс тапқан еді.
Бұл жолы бірінші партияда сербиялық теннисші сәттірек ойнады – 7:5.
Есесіне екіншісінде брейк жасаған А.Бублик қарымта қайырды – 6:3.
Енді ол ширек финалға шығу үшін әлемнің 48-ракеткасы, швейцариялық Марк-Андреа Хуслер немесе рейтингте 58-орындағы франциялық Грегуар Баррердің біреуімен таласады.