Шетел жаңалықтары
Бельгиялық футболшы Қазақстаннан ұсыныс алғанын айтты
Даниялық «Орхус» клубынан кеткеннен кейін еркін агент болған 28 жастағы бельгиялық қорғаушы Энтони Д'Альберто Қазақстаннан ұсыныс алғанын хабарлады.
«Мен Польшадан, Қазақстаннан және Кипрден ұсыныстар алдым, бірақ Бельгиядан тым алыс кеткім келмейді. Португалияда алты жарым жыл, Данияда бір жарым жыл өнер көрсетіп, енді отаныма оралғаныма қуаныштымын. Мансабымды Бельгияда жалғастырғым келеді», – деп футболшы Voetbalnieuws.be-ге берген сұхбатында.