Теннис

Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді уақытынан бұрын тоқтатуға мәжбүр болды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалына шығудан бас тартты.

Елена Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Коко Гауфпен кездесуі керек болған (6 WTA). Алайда отандасымыз арқасындағы жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, К.Гауфф ойнамастан ширек финалға өтті.

Е.Рыбакина сондай-ақ ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жұптық сындағы матчтан сырт қалды. Енді қазақстандық теннисші наурыз айында АҚШ-та өтетін мастерс жарыстарында бақ сынайды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button