Басты

Месси ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды

Месси спорттық мансабында екінші рет ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағын жеңіп алды

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Аргентина құрамасы мен Францияның «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) клубының шабуылшысы Лионель Мессиді 2022 жылдың үздік ойыншысы деп таныды.

Месси спорттық мансабында екінші рет ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағын жеңіп алды. Бұған дейін ол сыйлықты 2019 жылы алған болатын. Бұл атаққа таласқандар тізімінде «Реал Мадрид» ойыншысы Карим Бензема мен Мессидің ПСЖ-дағы әріптесі Киллиан Мбаппе де бар.

Ал Аргентина құрамасымен 2022 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алған Лионель Скалони биылғы жылдың үздік бапкері атағына ие болды.

Үздік гол үшін Пушкаш сыйлығы Познань қаласының «Варта» парафутбол командасында ойнайтын поляк Марчин Олексиге берілді. Ол 2010 жылы жол апатына ұшырап, аяғынан айырылған.

Үздік қақпашы – аргентиналық Эмилиано Мартинес

Үздік әйелдер бапкері – Англия құрамасының жаттықтырушысы Сарина Уигман

Үздік әйелдер қақпашысы – Англия және «Манчестер Юнайтед» клубының қақпашысы Мэри Ирпс

Фото: REUTERS/SARAH MEYSSONNIER

Басқа жаңалықтар

Back to top button