Басқа спорт түрлері
Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан Азия чемпионатында 2-орын алды
Ұлттық құрама еншісінде 10 алтын, 12 күміс, 17 қола медаль бар
Таиланд Корольдігінің астанасы Бангкок қаласында джиу-джитсудан ересектер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.
Дүбірлі доданы сәтті бастаған қазақстандық спортшылар сол қарқынынан таймай, жалпы есепте 2-орын алды. Ұлттық құрама еншісінде 10 алтын, 12 күміс, 17 қола медаль бар.
Бәсекеде 30 мемлекеттен қатысқан 550-ге жуық спортшы джиу-джитсудың «файтинг-систем», «не-ваза-систем» және «контакт-систем» түрлері бойынша сынға түсті.