Бильярдтан БАҚ өкілдері арасында Жолдасбек Дуанабайды еске алу турнирі өтті
Астанада зиялы қауым және БАҚ өкілдері арасында өткен Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды.
Жарыс қорытындысы:
55 жастан асқандар санаты:
І орын (100 мың теңге) – Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ғалым Қайрат Сақ;
ІІ орын (70 мың теңге) – журналист Әлімжан Сабыржанұлы;
ІІІ орын (50 мың теңге) – жазушы, ардагер журналист Несіп Жүнісбайұлы.
55 жасқа дейінгілер санаты:
І орын (100 мың теңге) – журналист Нұрділдә Ораз;
ІІ орын (70 мың теңге) – ақын, драматург Ұларбек Нұрғалым;
ІІІ орын (50 мың теңге) – «Хабар» агенттігінің журналисі Ахметәлі Сақ.
Жолдасбек Дуанабай атындағы арнайы сыйлық Сенат депутаты Нұртөре Жүсіпке табысталды. «Шебер ойыншы» номинациясын Шархан Қазығұл еншілесе, Қайнар Олжай мен Серік Жанболат сайыстың үздік ойыншылары атанды. Сондай-ақ турнирге қатысқан Ербол Ерденбек пен Ермұхамед Мәулен турнирдің сұрмергені атанды.