Келесі кездесуімді Абу-Дабиде өткізгім келеді – Шавкат Рахманов
Қазақстандық аралас жекпежек шебері Шавкат Рахмонов бірінші орта салмақта UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді. Кездесуден соң Шавкат BT Sport тілшісі Кэролайн Пирске сұхбат берді.
– Шавкат, құттықтаймын! Сен жеңіссіз серияңды жалғастырдың. Ал қылқындыру әдісің Джон Джонстың стиліне ұқсады. Бұл сәйкестік пе әлде алдын ала жоспар ма еді?
– Сәйкестік емес, бұл әдісті жаттығу кезінде бірнеше рет қайталадым. Жүзеге асатынына сенімді болған жоқпын. Төбелеске дайын болғанмын. Құдайға шүкір, жеңіске жеттім!
– Қарсыласыңның салмаққа қатысты талапты орындамағаны сені қамшылай түскен болар?
– Бәрін түсінемін, бірақ артық екі келі салмақ кәсіби спорт үшін тым көп. Бас тартуыма болушы еді, себебі бұл 100-200 грамм емес қой. Бірақ Қазақстан жанкүйерлері бұл жекпе-жекті асыға күтті, сондықтан қолымнан келгеннің бәрін жасадым.
– Колби Ковингтонға «дайындал» дедің. Тағы қандай жоспарың бар?
– Титул сарапқа салынатын жекпе-жек берсе, жақсы болушы еді. Егер Усман мен Эдвардс өзара кім мықтыны анықтайтын болса, онда қазанда Дубай немесе Абу-Дабиде жеңімпазбен осындай кездесу өткізуші едік. Бәрін уақыт көрсетеді, өз басым дайынмын.
– Усман – Эдвардс трилогиясында кім жеңеді деп ойлайсың?
– Білмеймін, болжам жасағым келмейді. Екеуімен де кездесуге дайынмын.
– 2018 жылдан бері алғаш рет үшінші раундқа дейін жеттің. Сен үшін айқасты төрешілер шешіміне дейін жеткізбеу маңызды ма?
– Ондай ой болған емес. Шыны керек, Нилді темір адам екен дедім. Себебі қанша соққы алса да шыдап бақты. Маған да соққысын жұмсап үлгерді, бірақ мен жаным кеудемнен шыққанша берілмеймін.