Азия чемпионатының күнтізбесі жарияланды
Астанада сәуір айында күрес түрлерінен өтетін Азия чемпионатының ресми күнтізбесі жарияланды.
Құрлықтық додада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жүлделер сарапқа салынады.
Жарыстың алғашқы екі күнінде, 9-10 сәуірде, грек-рим күресінен балуандар белдесуге шықса, 11-12 сәуірде әйелдер күресінің шеберлері бозкілемге шығады. Ал 13-14 сәуірде еркін күрес шеберлерінің бәсекесі жарыс көрігін қыздырады.
Азия чемпионатының ойын күнтізбесі мынадай:
9 сәуір. Грек-рим күресі: 55, 63, 77, 87, 130 келі
10 сәуір. Грек-рим күресі: 60, 67, 72, 82, 97 келі
11 сәуір. Әйелдер күресі: 50, 55, 59, 68, 76 келі
12 сәуір. Әйелдер күресі: 53, 57, 62, 65, 72 келі
13 сәуір. Еркін күресі: 57, 65, 70, 79, 97 келі
14 сәуір. Еркін күресі: 61, 74, 86, 92, 125 келі
«Құрлықтық дода алғашқыда Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өткізіледі деп жоспарланған еді. Оны ұйымдастырушылар Астана қаласына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады, – деп мәлім етті ҚР Күрес федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжолов.