Шетел жаңалықтары
«Баварияның» бас бапкерінің орнын кім басатыны анықталды
«Баварияның» бас жаттықтырушысы Джулиан Нагельсман Мюнхен клубының тәлімгері қызметінен босатылды.
Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлайды. Бұл ақпаратты Bild растады.
«Бавария» 2022 жылғы әлем чемпионатындағы үзілістен кейін Дортмундтың «Боруссиясынан» тоғыз ұпайға артта қалып келеді. Бұл менеджерлердің наразылығын тудырғаны анық.
Нагельсманның орнын Лондонның «Челси» және француздың ПСЖ клубтарының бұрынғы бас бапкері Томас Тухель басуы мүмкін деген ақпарат бар.
Романоның айтуынша, тараптар келісімге келіп, Тухель жұмысқа кірісуге дайын. Тіпті келісімшарт жасалып, құжаттар дайындалуда.