Дзюдо

Абылайхан Жұманазар алғаш рет Grand Slam турнирінде жүлде алды

Қазақстандық Абылайхан Жұманазар Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды.

Ол 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда ол Австрия өкілі Уашид Борчашвилиге есе жіберді. Бұл 23 жастағы Абылайхан Жұбаназардың ересектер арасындағы әлемдік турнирде жеңіп алған алғашқы жүлдесі.

Жарысты екінші айналымнан бастаған Абылайхан іріктеу кезеңінде Канада және Польша өкілдерін тізе бүктірді. Ширек финалда молдовалық Виктор Стерпуден басым түсті. Ал жартылай финалда татами иесі, грузиялық Дмитрий Гочилидзеден вазари әдісімен ұтылып жатып, таза жеңіп кетті.

Осыған дейін Grand Slam және Гран-при жарыстарында жүлде алып көрмеген Абылайхан Жұбазанар финалда аустриялық Уашид Борчашвилимен алтын жүлдені сарапқа салды.

Тартысты өткен белдесу қосымша уақытқа созылып, онда аустриялық дзюдошы вазари әдісін сәтті қолданды.

Осылайша, А.Жұбаназар алғаш рет Grand Slam турнирінде күміс жүлдені жеңіп алды.

Бұл – Тбилисиде Қазақстан қоржынына түскен үшінші медаль. Кеше Әбиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин қола жүлдеге ие болған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button