Басты
Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің ширек финалына шықты
Ол 1/8 финалда Элиза Мертенсті жеңді.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.
Елена төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған бельгиялық Элиза Мертенспен шеберлік байқасып, 1 сағат 46 минутқа созылған ойында 6:4, 6:3 есебімен оңай ұтты. Бұл – Еленаның қатарынан он бірінші жеңісі.
Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының жартылай финалына шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы италиялық Мартина Тревизанмен кездеседі.