Теннис

Қазақстан жасөспірім теннисшілері әлем чемпионатына жолдама ала алмады

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында теннистен командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің ширек финалдық матчтары мәресіне жетті.

Қазақстандық жасөспірімдер ширек финалда Жапония командасына есе жіберді – 0:2.

Жекелей сында Михаил Мищенко мен Ярослав Пшеничный қарсыластарына жол берді. Жапондықтар жұптық сында кортқа шыққан жоқ.

Сергей Квактың шәкірттері өз тобында Иордания мен Сингапурдан басым түсті. Сосын іріктеу кезеңінің бірінші ракеткасы болып тіркелген Аустралиядан ұтылды – 0:3.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өте алмады. Жолдамаға жартылай финалға шыққан Жапония, Оңтүстік Корея, Аустралия және Таиланд командасы ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button