Бундеслиганың 29-турында Дортмундтың «Боруссия» клубы Франкфурттың «Айнтрахт» клубын қабылдады, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.
Кездесу қожайындардың жеңісімен аяқталды – 4:0. 19-минутта Джуд Беллингем «Боруссияны» алға шығарды. Бес минуттан кейін Даниэль Мален есепті еселеді. Бірінші таймның соңында Матс Хуммельс есепті 3:0-ге жеткізсе, 66-минутта Мален екінші голын соқты.
Жеңіс «Боруссияға» Германия чемпионатының турнирлік кестесінде көш басына шығуға көмектесті. Команда 29 матчта 60 ұпай жинады.
«Айнтрахт» 42 ұпаймен тоғызыншы орында.