Дзюдо

Азия чемпионаты: парадзюдошыларымыз 14 медаль иеленді

Астанада парадзюдодан Азия чемпионатының жекелей сайыстары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Қазақ спорты.

11 елдің 100-ден астам спортшысы J1 (көзі мүлдем көрмейтін) және J2 (көзі нашар көретін спортшылар) санаты бойынша өзара мықтыны анықтады. Жекелей сайыс нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы командалық медаль кестесінде екінші орынға жайғасты.

Азия чемпионатының жекелей жарыстары бойынша медаль кестесіндегі үздік үштік: Өзбекстан – 4 алтын, 6 күміс, 3 қола Қазақстан – 4 алтын, 4 күміс, 6 қола Иран — 3 алтын, 2 қола Қазақстандық парадзюдошылар төрт алтын, төрт күміс және алты қола жүлдені жеңіп алды.

Атап айтқанда, Даяна Федосова (-57келі, J2), Ерғали Шамей (-73келі, J1), Альфия Тілекқабыл (-57 келі, J1) және Жанбота Аманжол (-90 келі, J2) чемпион атанса, Ақмарал Науатбек (-52 келі, J2), Ерлан Конкиев (+90 келі, J2), Бауыржан Арыстанбеков (-90 келі, J1) және Ғалымжан Смағұлұлы (-90 кг, J2) күміс, Олжас Оразалы (-73 келі, J2), Динара Куджулова (-70 кг, J1), Зәуре Айтек (+70 келі, J1), Талғат Ажғалиев (+90 келі, J2), Ерлан Өтепов (+90 кг, J1), Дилором Диханова (-57 келі, J1) қола медаль еншіледі.

Ертең, 30 сәуір Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Азия чемпионатының командалық жарысы өтеді. Командалық жарысқа ерлер арасында алты, ал әйелдер арасында үш құрама қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button