Хоккей
«Барыс» негізгі құрамдағы 20 ойыншысынан айырылды
ҚХЛ еркін агент атанған ойыншылар тізімін жариялады.
30 сәуір күні ҚХЛ, ЖХЛ, ӘХЛ ойыншыларымен 2022/23 маусымға дейін жасалған келісімшарттар мерзімі аяқталды.
ҚХЛ Орталық ақпараттық бюросы 2023 жылғы 1 мамырдан бастап еркін агент мәртебесіне ие болған ойыншылар тізімін жариялады.
Осылайша «Барыс» сапынан бұл тізімге 20 хоккейші енген:
Әділ Бекетаев, Александр Борисевич, Линден Вей, Тамирлан Гайтамиров, Алекс Грант, Джесси Грэм, Юлиус Гудачек, Дінмұхамед Қайыржан, Энтони Луис, Никита Михайлис, Нельсон Ножье, Эмиль Нұрғалиев, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Юрий Сергиенко, Егор Шалапов, Майкл Шапю, Дмитрий Шевченко.