Велоспорт
«Джиро д’Италия-2023»: «Астана» велоклубынан кімдер қатысады
«Астана» сапынан Италиядағы аламанда 8 велошабандоз бақ сынайды.
«Astana Qazaqstan Team» 6 мамырда басталатын маусымының алғашқы Гранд-туры «Джиро д’Италия-2023-ке» қатысатын спортшыларының тізімін атады.
Қазақстандық велокоманда баспасөз қызметінің мәліметінше, «Астана» сапынан Италиядағы аламанда 8 велошабандоз бақ сынайды.
«Astana Qazaqstan Team» намысын Марк Кавендиш (Англия), Самуэле Баттистелла, Симоне Веласко, Джонни Москон және Кристиан Скарони (барлығы Италиядан), Луис Леон Санчес (Испания), Джо Домбровский (АҚШ) және Вадим Пронский (Қазақстан) қорғайды. «Джиро д’Италия-2023» 6-28 мамыр аралығында өтеді.