Басқа спорт түрлері

Алматы облысында ультрамарафон қатысушысы көз жұмды

Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Әлеуметтік желілерде 7-9 мамыр аралығында Іле өзенінің аңғарында өткен Adrenaline Tengri Ultra марафонына қатысқандардың бірі көз жұмғаны туралы ақпарат пайда болды.

Дәрігерлерді ұзақ күттік. Ешкім оларға қоңырау шала алмады. Жігіттердің бірі жүгіріп барып шақырып келді. Сол аралықты 7-10 минуттай өтті. Көмекке өрт сөндірушілер келді, — дейді марафонға қатысушы.

Ал Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері жігіт жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғанын айтады.

Сондықтан біз түсініктеме бере алмаймыз. Медициналық сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Мән-жайды солар түсіндіреді, — деп хабарлады ведомстводан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button