Басты
ПСЖ-да Мессидің орнын басатын ойыншы табылды
"Марсельдің" чилилік шабуылшысы Алексис Санчес мансабын "Пари Сен-Жерменде" жалғастыруы мүмкін.
Ол клубта аргентиналық Лионель Мессидің орнын басады деп күтілуде. El Deportivo мәліметтері бойынша, ПСЖ өкілдері Санчестің агенттеріне хабарласқан. Чили форвардының агенті ойыншының тағдырын талқылау үшін Францияға барған.
Санчестің өзі «Марсельде» ойнаған ұнайтынын айтқанымен, Париж клубына ауысудан да кетәрі емес көрінеді.
Санчес «Марсель» сапында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның клубпен келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген. Осы маусымда чилилік барлық турнирде 41 матчқа қатысып, еншісіне 18 гол және үш нәтижелі пас жазды.
Ал Месси 2021 жылдан бастап ПСЖ-да ойнайды.