Велоспорт
«Астананың» велошабандозы Түркияда топ жарды
Түркияда «Сакарья туры» көпкүндік жарысы аяқталды.
Astana Qazaqstan Development Team командасының эстониялық спортшысы Мартин Лаас Түркияда өткени «Сакарья туры» көпкүндік жарысының қорытынды кезеңінде жеңімпаз атанды.
Жеңісіме өте қуаныштымын, Түркияда мені қолдаған командаға алғысым шексіз, осындай әріптестерім барына қуанамын және олармен мақтанамын. Жігіттер осы төрт кезеңнің барлығында керемет жұмыс істеді. Сондықтан бұл біздің ортақ жеңісіміз, — деді Мартин Лаас.
Төртінші кезең жаппай спринтпен аяқталды, онда Лаас мәре сызығында қытайлық шабандоз Чанжинг Льюден жеңіліп, екінші жүлделі орынға ие болды.