Басты
Кубаның танымал балуаны Париж Олимпиадасында рекорд орнатпақ
Кубалық балуан бес олимпиадаға қатысып, соның төртеуінде жеңіс тұғырынан көрінген.
Кубадан шыққан грек-рим күресінің шебері Михаин Лопестің Париж Олимпиадасына барады. Бұл туралы Біріккен күрес әлемі (UWW) мәлімдеді.
Кубалық балуан бес олимпиадаға қатысып, соның төртеуінде жеңіс тұғырынан көрінген.
Қазіргі уақытта күрес тарихында 4 дүркін чемпион атанған екі спортшы ғана бар. Оның бірі Лопес болса, екіншісі алғашқы төрт дүркін чемпион атанған жапон қызы Каори Ичо.
Сондықтан Лопес Парижде рекорд орнатпақ. Бостандық аралының балуаны Париж Олимпиадасында 42 жаста болады.