Шетел жаңалықтары
Йоханнес Бе Бейжіңде төртінші алтын медалін алды
Норвегиялық биатлоншы Йоханнес Бе Бейжіңдегі олимпиадада масс-стартта жеңіске жетті.
Екінші және үшінші орындарды швед Мартин Понсилуома мен норвегиялвқ Ветле Кристиансен өзара бөлісті, деп жазады qazaqsporty.kz.
28 жастағы Бе үшін бұл Олимпиада-2022-дегі төртінші алтын медаль. Бұған дейін ол аралас эстафета, спринт пен эстафетада топ жарған. Жекелей сында қола жүлдесі тағы бар.
Олимпиада ойындары-2022. Ерлер. Масс-старт. 15 км
- Йоханнес Бе (Норвегия) – 38.14,4 (4 промаха)
2. Мартин Понсилуома (Швеция) – +40,3 (2) (қалыс қалды)
3. Ветле Кристиансен (Норвегия) – +01.12,5 (3)
4. Кантен Фийон-Майе (Франция) – +01.25,6 (5)
5. Доминик Виндиш (Италия) – +01.38,4 (3)
6. Штурла Легрейд (Норвегия) – +01.46,1 (5)
7. Симон Эдер (Австрия) – +01.56,4 (2)
8. Бенедикт Долль (Германия) – +02.31,4 (6)
9. Теро Сеппяля (Финляндия) – +02.32,7 (5)
10. Йоханнес Кюн (Германия) – +02.38,3 (5)