Теннис

Рыбакина Ролан Гарросты аяқтауға мәжбүр болды

Теннистен әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің матчына неге шықпағанына қатысты түсініктеме берді.

Қазақстан теннис федерациясының жазуынша, отандасымыз үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормоға қарсы ойнауға тиіс болған. Алайда ол денсаулығына байланысты жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Кеше қызуым көтеріліп, өзімді жайсыз сезіндім. Бүгін де солай болып отыр. Мұндай жағдайда құмда ойнау өте ауыр. Мен 100 пайыз дайын емеспін. Қызу, бас ауруы әрі нашар ұйықтаған жайым бар. Мұның белгілерін екінші айналымнан кейін сезіндім. Сөйтіп жолым болмады. Алда Ұлыбританияда көгал төсенішінде өтетін маусымға дейін қалпыма келуге тырысамын, — деді Е.Рыбакина.

Басқа жаңалықтар

Back to top button