Велоспорт

Александр Винокуров Азия чемпионатында топ жарды

Таиландта өткен турнирде ол Masters санатында өнер көрсетті

Олимпиада чемпионы, Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Таиландта өткен турнирде ол 50+ жас тобында Masters санатында өнер көрсетті. Винокуров 15 шақырымды 20 минут 6 секундта бағындырып, ізкесуде үздік нәтиже көрсетті. Осы жас санатында күміс жүлде тағы бір қазақстандық Алексей Абраменкоға бұйырды – 22 минут 25 секунд.

45-49 жас санатында екінші орынды қазақстандық Вадим Ежаков иеленді – 21 минут 46 секунд.

Басқа жаңалықтар

Back to top button