Шетел жаңалықтары
Хосеп Гвардиола болашағы жайлы айтты
«Манчестер Ситидің» бас жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола алдағы екі жылда өз қызметінен кететін ойы жоқ.
The Times газетінің хабарлауынша, Гвардиола «қалалықтармен» келісімшарты аяқталғанға дейін жұмыс істеуге ниетті. Тараптардың келісімі 2025 жылдың жазына дейін есептелген.
Гвардиолаға Англиядан тыс жерден де ұсыныс түскенімен, испаниялық «Манчестер Ситиде» тағы екі жыл қалу туралы шешім қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Манчестер Сити» Англия чемпионатын, Англия кубогын және Чемпиондар лигасын жеңіп алған болатын. Осылайша Гвардиола требл жасады.
«Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола тарихта екі рет требль жасаған алғашқы бапкер болды (ол бірінші рет 2008/2009 маусымда «Барселонаны» осындай жетістікке жеткізген).