Таеквондо

Қазақстандық төреші Түркияда үздік деп танылды

WT таеквондодан халықаралық санаттағы қазақстандық төреші Нұрлан Жалғаспаев «Turkish Open 2022» халықаралық турнирінің «үздік төрешісі» деп танылды.

G-2 дәрежесіндегі жарыс Түркияның Анталия қаласында 8-13 ақпан аралығында өтті.

Федерация мәліметінше, әлемнің түкпір-түкпірінен келген төрешілер арасында мұндай құрметке ие болу өте беделді болып саналады.

Жалғаспаевтан бөлек, «Turkish Open 2022» турниріне қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы төрешілер алқасының қазіргі төрағасы Марғұлан Адай да шақырылды. Ол 2019 жылы осы турнирдің «үздігі» болып аталған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button