БастыФутбол

Бахтиер Зайнутдинов Ыстамбұлға барды

Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов Ыстамбұлға барды

Енді ол жергілікті «Бешикташпен» келісімшартқа қол қояды. Бұл туралы клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Бахтиерді клуб вице-президенті Серхан Четинсай әуежайдан салтанатты түрде күтіп алып, бұл іс-шараға жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері де қатысты.

Бұған дейін футболшы ЦСКА-дағы әріптестерімен қоштасқан.

Sabah агенттігінің мәліметіне қарағанда, Түркияның клубы ЦСКА-ның сұраған ақшасына келіспей, футболшыны 5 млн еуроға сатып алған. Сонымен қатар кейін оны сатып жатса, тағы 15 процент бонус төлейді.

Енді Зайнутдинов келісімшарт бойынша «Бешикташтың» құрамында 4 футбол маусымын өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button