Күрес
Балуан қыздарымыз әлем біріншілігінде үздік үштікке енді
Алтын Шағаева мен Ирина Кузнецова Албания астанасында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Алтын (53 кг) кеше жартылай финалда Мариана Драгутаннан (Молдова) ұтылған.
Қола медаль үшін белдесуде Беатрис Йеноладан (Румыния) қарсыласынан басым түсті. Бұл салмақта жапониялық Мако Ооно топ жарды.
Ирина 62 кг дейінгі салмақтың ширек финалда украиналық Ирина Бондарьға жол берді. Жұбаныш белдесуінде Морена де Витаның (Италия) осал тұсын тапты. Қола жүлдеге таласта үндістандық спортшыны жеңді.