Басқа спорт түрлері

Бұқаралық спортты дамытуға жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбейді – Дүйсенова

Тамара Дүйсенова мемлекеттік спорттық тапсырыстың іске асырылуына талдау жүргізу қажеттігін айтты.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамытуда халықаралық спорт ұйымдарының тез өзгеретін талаптарын ескере отырып, бұқаралық дене шынықтыруды, оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді талап ететінін айтты.

Бұқаралық спортты дамытуға жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбейді. Мәселен, 2023 жылы бұқаралық спортқа жұмсалған қаржы өңірлердің бюджет қаражатының жалпы көлемінің небәрі 0,061% құрады. Сонымен қатар қаражатты бөлуде бұрмаланулар бар. Жоғары жетістіктер спортына жұмсалатын қаржы көлемі – 97,2 % болса, бұқаралық спортқа жұмсалатын шығыстар небәрі 2,8% құрайды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бұқаралық спортты дамытудың тиімді құралы мектеп жасынан егде жасқа дейінгі спорт лигаларын дамыту, оның ішінде жарыс алдында тікелей спорт командаларын құрудан тұрақты жұмыс істейтін командаларға көшу жолымен дамыту, — деді Дүйсенова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button