Басты

Қазақстандық теннисші жасөспірімдер арасында Мысырда өткен жарыс финалисі атанды

Каир қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors J300 турнирі мәресіне жетті.

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 105-орында тұрған қазақстандық Соня Жиенбаева табысты өнер көрсетіп, жекелей және жұптық сында финалға дейін жетті.

Жиенбаева жекелей сында соңғы бәсекеде ғана Польша өкілі Моника Станкевичке (27 ITF Juniors) 4:6, 6:1, 4:6 есебімен есе жіберді.

Ал жұптық сында тағы бір қазақстандық Асылжан Арыстанбековамен бірге финалда ресейліктер Дарья Егорова – Юлия Перепахинаға жол берді – 3:6, 1:6. Соня мен Асылжан Мысырда қалады. Олар осы аптада бірінші санаттағы J500 жарысында бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button