Басты

SportQory: Отандық спорттың басты жанашыры

134 өтініш, 81 жоба, ұлттық федерациялар мен жекелеген спортшылар. Дене шынықтыру мен спорт саласын бюджеттен тыс қаражатпен қамтамасыз ететін Sport Qory 2023 жылы отандық атлеттер мен спорттық ұйымдарға, олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлеріне, инклюзивті және бұқаралық спорт түрлеріне қолдау көрсетуден жаңа рекорд тіркеді. Отандық спортқа демеушілік жасайтын қордың аяқ алысы мен атқарған жұмыстарына шолу барысында еліміздегі жоғары спорт пен дене шынықтыру саласына бюджеттен тыс қыруар қаржы тартылғанын байқадық. Сонымен …

Sport Qory-ның негізгі міндеті – отандық спортты дамытып, түрлі деңгейдегі атлеттерге қолдау көрсетуде бюджетке салмақ салмай, көмектесу болып саналады. Sport Qory ірі ұлттық федерацияларға, кешенді жарыстарға аттанатын ұлттық құрама командаларға, жекелеген спортшыларға демеушілік таныту арқылы отандық спорттағы біршама проблемаларды шешуге атсалысып келеді.

Мәселен, Sport Qory 2022 жылмен салыстырғанда олимпиадалық (54%), инклюзивті (365%), ұлттық (14%) және бұқаралық спорт түрлерін (17%) қаржыландыруды біршама ұлғайтты. Бұл отандық спортты дамытуда бюджетке ауырлық салмайтын Бірыңғай оператор үшін айтарлықтай жақсы нәтиже. Қордың негізгі міндеттерінің қатарына кәсіби және әуесқой спортты қолдау, бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорттық жобаларды, сондай-ақ бірыңғай оператор бағдарламаларын қаржыландыру мақсатында демеушілерді, қайырымдылық жасаушыларды ынтымақтастыққа тарту жатады.

2023 жылы қор тарапынан бөлінген қайырымдылық көмектің 20 пайызы балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға жұмсалғанын да атап өту керек. Былтыр SportQory еліміздегі ең ірі және беделді ұлттық федерацияларға қолдау көрсетті.

Қор тарапынан қолдау алған ұйымдар қатарында Қазақстан футбол федерациясы, Ұлттық Олимпиадалық комитет, Қазақстан теннис федерациясы, Қазақстан волейбол федерациясы, Қазақстан хоккей федерациясы, Ұлттық шаңғы қауымдастығы, Су спорты түрлері федерациясы, Жеңіл атлетика федерациясы, Ұлттық Баскетбол федерациясы, Үстел теннисі федерациясы, Ұлттық семсерлесу федерациясы, Қазақстан Велосипед спорты федерациясы, Күрес федерациясы, Ат спорты федерациясы және тағы да басқа спорттық ұйымдар мен жекелеген спортшылар бар.

Мәселен, футболдан Қазақстанның түрлі жас санатындағы ұлттық құрамалары қорда

н тұрақты түрде көмек алып келеді. Ал Ұлттық Олимпиадалық комитетке қазақстандық спортшыларды халықаралық жарыстарға қатыстыру, спорттық құрал-жабдықтар мен спортқа қажетті басқа да тауарларды сатып алу жағынан қолдау көрсетілді. 2023 жылы Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар 80 медаль жеңіп алды: 10 алтын, 22 күміс және 48 қола. 2023 жылғы Ханчжоу-2022 Азия ойындарын қолдау және ілгерілету аясында Алматыда Fun Run жарысы өтті. Қазақстандық волейболшылар мен олимпиадалық спорт түріндегі өзге де командаларға Қазақстаннан тыс жерлердегі жарыстарға қатысып, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, команда мүшелерінің жалақысын төлеп, жеңіске жеткен спортшыларға сыйақы беруде SportQory тарапынан үлкен демеу көрсетіліп жатыр.

Фристайл-могулдан Қазақстан командасының үздігі, Олимпиада жүлдегері Юлия Галышева мен әлем чемпионатының қола жүлдегері Анастасия Городконың ауыр жарақатын емдеп, медициналық тексеруден өткізіп, дәрігерлер бақылауында болуын да SportQory тікелей өз бақылауында ұстады. Қазіргі таңда екі спортшы да жарақатынан айығып, әлемдік жарыстарда Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүр. Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, бүгінде аталған спорт түрінен елімізде кеңінен насихаттап, жастарға танытып жүрген Элизабет Тұрсынбаеваның академиясын қаржыландырып, даңқты спортшы, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен атындағы дәстүрлі турнирдің ойдағыдай өтуіне SportQory елеулі үлес қосып келеді.

Стенд атудан Алматыда әлем кубогі кезеңін ұйымдастырып, спортшылардың Париж Олимпиадасына алаңсыз дайындалуна жағдай жасап, әлемдік стандарттарға сай келетін спорттық мылтық тарды сатып алуды SportQory өз мойнына алды. Алматыда өткен әлем кубогінде қазақстандық спортшылар көзге түсіп, Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы топ жарды. Сондай-ақ, аталған мергендер жазғы Азия ойындарында алтын медальға қол жеткізді.

Қазақстан бокс федерациясында спорттық іс-шараларды өткізуге арналған шығындар, спорт ұжымына төлемдер мен өзге де сыйақылар, жарыстарға қатысу, іс-шараларды өткізу, үздіксіз спорттық процесті ұйымдастыру, басқару аппаратын ұстауға арналған шығындар және PR және маркетингке арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді. Нәтиже де көп күттірген жоқ. Қазақстандық боксшылар Ташкентте өткен әлем чемпионатында төрт алтын алса, Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарынан екі жолдамамен оралды. Қор жұмысы 2024 жылы да жалғасын табады.

Биыл біздерді Париждегі жазғы Олимпиада ойындары, футболдан Еуропа чемпионаты және Дүниежүзілік көшпенділер ойындары секілді ірі кешенді жарыстар күтіп тұр. Sport Qory әлемдік жарыстарда бақ сынайтын қазақстандық спортшылар барынша жоғары нәтиже көрсетуі үшін федерациялар мен ұйымдардан түскен көмек алу жөніндегі өтініштерді зерттеп, нақты шешім қабылдайтын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button