Басқа спорт түрлері
Нысана көздеуден Қазақстан командасы Катарда жаттығу жиынын өткізуде
Нысана көздеуден Қазақстан командасы Катардың Доха қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр
Olympic.kz мәліметінше, оқу-жаттығу жиынына 49 спортшы қатысып жатыр.
Жиынның басты мақсаты – Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін рейтингілік әлем кубогі кезеңіне дайындалу.
Сондай-ақ, жиын барысында команда бапкерлері Рио-де-Жанейрода өткен әлем кубогі кезеңін қорытындылады.
Айта кетелік, аталған сында ең жоғарғы нәтижені Елизавета Безрукова, Консатинтин Малиновский, Валерий Рахымжан көрсетті. Олар 5-орыннан көрінген.
Дохадағы жаттығу жиыны 30 сәуірге дейін жалғасады.