Басқа спорт түрлері
Эльдар Иманкулов пен Валерия Попелова жұбы күміс жүлдеге ие болды
Әзербайжан астанасы Бакуда өтіп жатқан нысына көздеуден Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдеге қол жеткізді
Тапаншамен 10 метрден оқ атуда Қазақстан-2 құрамасы финалда түркиялық қарсыластарына есе жіберді. Осылайша, Эльдар Иманкулов пен Валерия Попелова Әлем кубогында аралас жұптық сында алғаш рет күміс жүлдегер атанды. Кеше олар жарыстың алғашқы күні іріктеуде 578 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреген.
Айта кетейік, бұл кезең мылтық және тапанша ұстаған мергендер үшін лицензиялық, ал стенд ату шеберлері үшін Олимпиада рейтингінде ұпай берілмейтін жарыс саналады. Бакуде ел намысын барлығы 21 спортшы қорғайды. Жалпы қатысушы саны 699 адам (84 мемлекет).