Ұлттық спорт
135 шақырымдық ASSYL TULPAR бәйгесі өтеді
![](https://qazaqsporty.kz/wp-content/uploads/2024/06/whatsapp-image-2024-06-19-at-20.24.50-780x470.jpeg)
2024 жылдың 21 шілдесінде Абай облысы, Ақсуат ауданында TAS Group қаржы компаниясының демеушілігімен 135 шақырымдық аламан бәйге өтеді, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.
Бұл бәйге биыл Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау мақсатында ұйымдастырылмақ.
Бәйгеге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистерінен сәйгүліктер қатысады. 135 шақырымдық аламан бәйгенің жеңімпазына шетелдік автокөлік сыйға беріледі. Сондай-ақ үздік жетілікке кірген қатысушыларға да қомақты қаржылай сыйлық үлестіріледі. Бұл бәйге «Асыл бесік-Ақсуат» өнер және спорт фестивалі аясында өтеді.
Сондай-ақ, осы күні 25 шақырымдық аламан бәйге мен 15 шақырымдық топ бәйге өтеді. Бұл қашықтықта да оза шапқандар темір тұлпарды тізгіндейді.