Теннис
Даудан кейінгі алғашқы жеңіс. Джокович Музеттиді ұтты
Дубайда өтіп жатқан АТР турнирінің алғашқы кезеңінде сербиялық теннисші Новак Джокович италиялық Лоренцо Музеттиден басым түсті (6:3, 6:3).
Бұл сербтің Австралиядағы даудан кейінші алғашқы ойыны. Естеріңізде болса, Новактың Australian Open-ге қатысуына рұқсат берілген жоқ.
Оған Джоковичтің коронавирусқа қарсы вакцина алмағаны себеп.
Енді Джокович ресейлік Карен Хачанов/австралиялық Алекс Де Минаурдың қай жеңгенімен кездеседі.
Dubai Duty Free Tennis Championships АТР турнирі
Сыйақы қоры – 2 794 840 доллар
Новак Джокович (Сербия, 1) – Лоренцо Музетти (Италия, WC) – 6:3, 6:3.