БастыФутбол

Станислав Черчесов отставкаға кетті

Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылған.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті. Бұл туралы футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылған.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.

«Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті. Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламұлы мен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тілейді», — делінген Федерация таратқан хабарламада.

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қазір қарастырылып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button