
Қазақстан құрамасы Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы матчында жеңіліс тапты, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.
Ұлттық құрама Швейцарияға есе жіберді.
Қазақстан 16-минутта есеп ашты. Гол авторы — Аркадий Шестаков. Екінші кезеңнің аяқталуына бес секунд қалғанда швейцариялықтар артық құрамда шайба соғып, үшінші кезеңде тағы бір голмен алға шықты. Ойын соңына қарай есеп 4:1 болып, қарсылас команда жеңіске жетті.
Швейцария – Қазақстан 4:1 (0:1, 1:0, 3:0)
0:1 – 15:17 – Шестаков (Бекетаев, Михайлис)
1:1 – 39:55 – Фиала (Мальгин, Кукан) артық құрамдағы гол
2:1 – 47:15 – Андригетто (Мальгин, Мозер) артық құрамдағы гол
3:1 – 57:06 – Амбюль (Нидеррайтер, Фиала)
4:1 – 57:44 – Риат (Кнак, Фора)
Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тобында соңғы орынға түсіп, элиталық дивизионмен қош айтысты.