БастыҚысқы спорт

Биатлоннан IBU кубогы: эстафеталарда Қазақстан атынан кімдер қатысады

Бүгін, 17 желтоқсанда, Швейцарияның Ленцерхайде қаласында биатлоннан IBU кубогының кезеңі басталады.

Жарыстың алғашқы күнінде екі эстафеталық жарыс өтеді.

Аралас эстафетада Қазақстан құрамасы сапында Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Айша Рақышева және Лаура Қиныбаева өнер көрсетеді.

Ал аралас жеке эстафетада Полина Егорова мен Никита Акимов Қазақстан намысын қорғайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button