Шымкентте таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді
Ұлттық біріншіліктің жүлделері үшін 16 салмақ дәрежесінде өнер көрсететін 300-ден астам спортшы бақ сынайды.
20-22 желтоқсан күндері Шымкент қаласында ересектер арасында таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Ұлттық біріншіліктің жүлделері үшін 16 салмақ дәрежесінде өнер көрсететін 300-ден астам спортшы бақ сынайды.
«Ағымдағы жылдың негізгі жарыстары аяқталды. Осыған байланысты әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері — Нодира Ахмедова, Айдана Құмартаева, Бейбарыс Қаблан, Батырхан Төлеуғали және Тамирлан Тілеулес биылғы чемпионатқа қатысудан босатылды.
Жаңа маусымда бізді екі басты жарыс күтіп тұр. Біріншісі — мамыр айында Моңғолияда өтетін Азия чемпионаты, екіншісі — күзде Жапонияда өтетін Азия ойындары.
Бұл жарыстарға іріктеу ұлттық құрама спортшылары арасында жүргізіледі. Біз олардың дайындығын екі халықаралық стартта бағалап, содан кейін құрлықтық чемпионатқа қатысатын спортшыларды анықтаймыз», — деді бас бапкер Есбол Сұлтанов.
Дереккөз: Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.



