БастыҚысқы спорт

Олимпиада-2026: Қазақстан атынан шорт-тректен кімдер және қандай қашықтықтарда өнер көрсетеді

Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан төрт спортшы бақ сынайды.

Қазақстан конькимен жүгіру одағы Италияда өтетін 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға өтінім беру үшін шорт-тректен Қазақстан құрамасының тізімін ұсынды.

Бұған дейін Халықаралық конькимен жүгіру одағы (ISU) әрбір іріктеуден өткен құрама үшін атаусыз квоталардың санын ресми түрде жариялаған болатын.

Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан төрт спортшы бақ сынайды. Қазақстан конькимен жүгіру одағы мәлімделген дисциплиналарға қатысу ниетін растады. Құрам келесідей:

Ерлер:

— Денис Никиша (500 және 1000 метр, аралас эстафета)

— Абзал Әжғалиев (500 метр, аралас эстафета)

Әйелдер:

— Ольга Тихонова (500, 1000, 1500 метр, аралас эстафета)

— Яна Хан (500 және 1500 метр, аралас эстафета)

Ережеге сәйкес, Қазақстан құрамасының ресми өтінімін Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті ISU мен Халықаралық Олимпиадалық комитетіне жолдап, спортшылардың Олимпиада-2026 қатысушылары қатарына енгізілуін ресми түрде растауды сұрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button