Бибісара Асаубаева үш дүркін әлем чемпионымен тең түсті
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Мумбайда өткен Global Chess League турнирінде блиц бойынша үш дүркін әлем чемпионы Екатерина Лагномен тең ойын көрсетті.
Бибисара өзінің Instagram парақшасында өз әсерімен бөлісті:
«Бүгін Global Chess League, яғни Әлемдегі ең мықты шахматшыларға қарсы өткізетін 10 партия басталды. Дохадағы жылдам шахматтан өтетін Әлем чемпионатының алдында керемет дайындық болмақ. 2025 жыл аяқталатынына сену қиын. Осы уақыт ішінде мен ерлер гроссмейстері болдым, Магнустың қатысуымен элиталық ерлер супер турниріне шақыру алдым, Каруананы жеңуге бір қадам жасаған сәтім болды. Есте қаларлық жыл болды. Жеңістер мен жеңілістермен мені күшейтті».
Айта кетейік, отандық спортшының Бас серіктесі – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ АҚ, Серіктесі – SportQory, спортты қолдау қоры.



