Шетел жаңалықтары
Бейжің-2022: тағы бір спортшы допингпен ұсталды
Бейжің олимпиадасында допингке байланысты тағы бір дау туындады.
Бұл жолы испаниялық мәнерлеп сырғанаушы Лаура Баркероның сынамасы оң нәтиже көрсетті. Ол жерлесі Марко Дзандронмен бірге жұптық сынға қатысқан болатын.
Айта кету керек, жұптық сында Испания спортшылары алғаш өнер көрсетіп тұр. Қысқа бағдарламадан кейін олардан допинг сынама алынып, көп ұзамай одан тыйым салынған препарат анықталды. 20 жастағы Баркероның мәселесін алдағы уақытта спорттық арбитражы сот қарап, тиісті шешімді шығарады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік Камила Валиеваның да басы осындай дауға қалған. Кейін 15 жастағы спортшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алып, командалық сында 1, жекелей сында 4-орынға тұрақтады.