БастыҚысқы спорт

Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарына 3,5 миллиард теңге жұмсаған

Қазақстан қысқы Олимпиадаға дайындық шараларына 3,5 миллиард теңге жұмсады.

Бұл туралы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков айтты.

«Олимпиада ойындарына тікелей қатысу тұрғысында 248 миллион теңге жұмсалды. Соның 107 миллионы теңгесі «Эйр Астана» компаниясына чартерлік рейстерді ұсынғаны үшін төленді», — деді Андрей Крюков.

Командаларды Олимпиада ойындарына дайындауға 789 миллион теңге кетткен. Дайындық жұмыстарына 234 спортшы мен бапкер қатысты. Бір адамға кеткен шығынның орташа көлемі 15 миллион теңгеден жұмсалған.

Сондай-ақ, Крюков бір жылдың ішінде әрбір спорт түріне қанша қаржы бөлінетінін айтты.

биатлон — 384 миллион теңге;

тау шаңғысы — 100 миллион теңге;

коньки спорты — 400 миллион теңге;

шаңғы жарыстары — 363 миллион теңге;

керлинг — 200 миллион теңге;

трамплиннен секіру — 198 миллион теңге;

сноуборд — 14 миллион теңге;

конькимен мәнерлеу сырғанау — 143 миллион теңге;

фристайл-могул — 562 миллион теңге;

фристайл-акробатика — 319 миллион теңге;

шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер) — 259 миллион теңге;

шорт-трек — 392 миллион теңге.

«Осылайша, бюджеттен қысқы спорт ойындарына жалпы 3,5 миллиард теңге бөлінген болатын», — деді ол.
Бейжіңдегі Олимпиада ойындары 4-22 ақпан аралығында өтті. Қазақстан құрамасы бірде-бір медаль жеңіп алған жоқ.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button