Шетел жаңалықтары

Украинадағы ахуал: УЕФА кезектен тыс отырыс өткізеді

Жұма, 25 ақпан күні, УЕФА Украинадағы ахуалға байланысты атқарушы комитеттің кезектен тыс отырысын өткізеді.

Жиын елорда уақытымен 15:00-де басталады.

«Атқарушы комитет мүшелері жағдайға бағасын беріп, тиісті шешім қабылдайды», — делінген УЕФА сайтындағы мәліметте.

Мұның алдында Еуропарламент депутаттары УЕФА-ға Ресейден Чемпиондар лигасының финалын өткізу құқығын алу туралы сұрау жасаған. Финал Санкт-Петербург қаласында ұйымдастырылуы тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button