Футбол

«Астанада» кімдер қалды?

Елдегі қақтығыстар Қазақстан футболына да әсерін тигізді. Әсіресе, Алматыдағы әуежай жабылып, халықаралық рейстер ұшпады. Сол кезде отандық футбол командалары оқу-жаттығу жиындарына уақытында бара алмай жатты. Дегенмен, жағдай реттеліп, қазір көптеген командалар қара теңіз жағалап, жыл құстары сияқты жылы жаққа ұша бастады.  Солардың бірі – «Астана» командасы. 

 

Еліміздің алты дүркін чемпионы «Астананың» жағдайы бұрынғыдай емес. Клубтың бюджеті азайып, қарызы көбейген. Яғни бұрынғы ойнаған футболшылар мен бапкерлер алдында қарызы бар. Сондықтан УЕФА жаңа ойыншы тіркеуге уақытша шектеу қойған. Егер клуб қарызынан құтылмаса, командаға ойыншы қоса алмайды. Бірақ соған қарамастан «Астана» клубы құрамын өзгертіп жатыр. Жалақысы жоғары болған ойыншылардың біразынан құтылды.

Мысалы, жақында черногориялық қорғаушы Жарко Маркович кетті. Оның келісімшарт мерзімі аяқталды. Жарко командаға 2019 жылы келген. Сол жылы Қазақстан біріншілігінде топ жарды. Жалпы, «Астана сапында 48 ойынға қатысып, 6 гол соққан.

Қақпашы Дмитро Непогодов та «Астанамен» қоштасты.  Маркович екеуі жақында «Тобылға» ауысуы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Тіпті, команда көшбасшысы Марин Томасов та «Тобыл» жейдесін киюуі мүмкін екені айтылып жүр. Футболшы «Астананың» алғашқы жаттығу жиынына келмеген. Ол қазіргі команданың жағдайын бағамдап отырса керек. Томасов «Астана» сапында  161 ойын өткізіп, 75 гол соққан (64 нәтижелі пасы бар).

Оқу-жаттығу жиындарында сонымен қатар, қорғаушылар – Лука Шимунович пен Лев Скворцов, шабуылшы Фатос Бечирай көрінбейді. Есесіне, Елдос Ахметов оралды. Сосын былтыр «Атырауда» ойнаған бразилиялық қорғаушы Брайан Сильва мен беларусь Артем Рахманов және «Каспий» қақпашысы Марко Милошевич командаға қосылды.

Қош, сонымен оқу-жаттығу жиындары 31 қаңтарға дейін жалғасады. Осы аралықта команда екі жолдастық кездесу өткізеді. Алдымен, 24 қаңтарда сербиялық «ТСК» клубымен ойнаса, 31 қаңтарда Болгарияның «Арда» клубымен жасыл алаңға шығады.

 

«Астананың» алғашқы оқу-жаттығу жиындарына шақырылған футболшылары:

Қақпашылар:Александр Заруцкий, Данил Подымский, Марко Милошевич

Қорғаушылар: Талғат Кусяпов, Рахат Маратов, Абзал Бейсебеков, Сағи Совет, Артем Рахманов, Елдос Ахметов, Брайан Сильва;

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух, Сұлтан Сағынаев, Станислав Басманов, Макс Эбонг, Педро Эуженио, Исламбек Қуат, Мейрамбек Қалмырза;

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко, Рамазан Кәрімов:

Бас бапкер: Срджан Благоевич.

Басқа жаңалықтар

Back to top button