БастыБокс

Қоңқабаев рейтингте жоғарылады

 

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) аса ауыр салмақта WBA Gold титулын жеңіп алып, Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінде төртінші сатыға көтерілді.

2021 жылдың желтоқсанында Қоңқабаев британиялық Стивен Уордты (13-2, 4 КО) жеңіп, аса ауыр салмақтағы WBA Gold титулына ие болды.

Осыдан кейін қазақстандық WBA рейтингінде 9-орыннан 4-орынға көтерілді.

Қазіргі уақытта рейтингтің үш көшбасшысы – Юниэл Дортикос (25-2, 23 КО), Алексей Егоров (11-0, 7 КО) және Баду Джек (25-3-3, 15 КО) бар.

Еске салайық, Қоңқабаев кәсіпқой рингте төрт жекпе-жек өткізіп, төрт рет жеңіске жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button