Футбол

Масудов жұмыссыз қалмады

Танымал отандық бапкер Вахид Масудов жұмыссыз қалмады. Ол енді 19 жасқа дейін Қазақстан құрамасын жаттықтырады.

Масудов бастаған жастарымыз қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 8 ақпанда Арменияға аттанады. Онда сол елдің құрамасымен 2 матч өткізеді.
Сондай-ақ Талғат Байсуфинов баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасы 12 ақпан күні Түркияның Анталья қаласында жиналады. Ал 13 ақпан күні Қазақстан клубтарының легионерлері командасына қарсы жолдастық матч өтеді. Легионерлер құрамасын Андрей Карпович пен Самат Смақов жинақтайды деп шешілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button