Футбол
Нәрзілдаев «Каспийге» ауысты
Ақтаудың «Каспий» клубы 28 жастағы жартылай қорғаушы Думан Нәрзілдаевпен келісімшартқа отырды.

Думан 10 жылдан бері туған жері Қызылорданың «Қайсарында» өнер көрсетті. Бұл командамен бірге 2019 жылы Қазақстан кубогында жеңіске жетті. Жалпы, «Қайсар» командасында 172 ойынға қатысып, 9 гол соққан (17 нәтижелі пасы бар). Ол «Каспий» еркін агент ретінде ауысты.



